Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Төтенше жағдай кезінде адамдар карантин аумағына кіріп кетуге тырысып жатыр. Соңғы тәулікте төтенше жағдай режімін бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476-бабы бойынша 137 адам жауапқа тартылды, 89-ы қамалды. Олардың бәрі де өз әрекеттерінің заңға қайшы екенін мойындады», - деді министр «Хабар 24» арнасындағы онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында.

Дәурен Абаев кей жағдайда тіпті ақылға сыймайтын жағдайлар тіркеліп жатқанын айтады.

«Қарағандыда өзінің бұрынғы әйелінің палатасына терезе арқылы кірмек болған ер адам 10 тәулікке қамалды. Әйелі карантинде жатқан. Ол Германиядан келген. «Неліктен?» деген сұрақ туындайды» - дейді ол.

pavlodarnews.kz

Тэги: