- Коронавирус инфекциясына шалдығып, қайтыс болған отандасымыз туралы қаралы хабарды естідім. Оның туған-туысқандарына қайғыра көңіл айтамын, - дейді облыс әкімі.

Одан өзге өз жазбасында Әбілқайыр Сқақов COVID-19 вирусының алдын алу үшін қажетті іс-шараларды санамалап өтті.

- Қоғамдық орындарда адам саны азайса да, әлі адам қарасы бар, - дейді Әбілқайыр Сқақов. — Әлі де бас қосып, жиын-той өткізілуде. Төтенше жағдай — қонақ шақырып, қыдыратын уақыт емес екенін ұғынғанымыз абзал. Бұл жағдайға отбасыңызбен отырып, кітап оқып, кино көріп, аяқталмаған шаруаны бітіретін кез деп қараңыз.

Сөз соңында өңір басшысы облыс тұрғындарынан WhatsApp арқылы келген тексерілмеген ақпаратты таратпай, ресми ақпарат көздеріне ғана жүгінуді өтінді.

Арслан Ғалымбек

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk