Пәтер иелері кооперативінің төрағасы Мейрамбек Айдарханның айтуынша, мұндай тазалық шарасы өткен жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Қазіргі таңда басқа тұрғын үйлерге жауапты ПИК-тер де санитарлық тазалықты күшейткен.

- «Уют-Аксу» кооперативінің қарамағына 20 үй, 73 подъезд кіреді, - дейді Мейрамбек Айдархан. - Коммуналдық төлемдер есебінен дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, кіреберістерді жинау жүргізіледі. Ол үшін хлор және белизна қолданылады. Бұл іске жауапты мамандар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, нұсқамаға сәйкес 10 литр суға 20 грамм, яғни екі таблетка хлор салады.

Осылайша подъездердің сүйеніштері, домофондардың батырмалары, есіктердің тұтқалары өңделеді.

Сонымен қатар бақылаушылар мен жүргізушілер әр рейстен кейін қоғамдық көліктерге ылғалды өңдеу жүргізеді. «BUS-PVL» ЖШС сегіз және «Аксутрансбизнес» ЖК қаланың ішінде төрт бағыт бойынша тұрғындарды тасымалдайды.

Айта кетерлігі, Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраев коронавирустың алдын алу мақсатында барлық мекемелер мен ұйымдарға, сауда нүктелеріне, пәтер иелері кооперативтеріне санитарлық шараларды күшейтуді тапсырған.

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk