Топ құрамына аудан әкімінің ауыл бойынша орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы, кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы кірді.

Бірінші рейдте мониторингтік топ 17 дүкен мен үш округ – Мичурин, Черноярский және Григорьевка және екі дәрігерлік амбулаторияға барды. Сауда орындары мен медициналық мекемелер келушілерге арналған маскалардың, санитайзерлердің және қорғаныс қолғаптарының болуын тексерді. Сондай-ақ осы қоғамдық орындардың әрқайсысында келушілерге коронавирусқа қарсы күресте алдын алу шаралары бойынша жаднамалар беруге міндетті.

Рейд барысында медициналық маскалардың жеткіліксіз екені анықталды. Бірақ, бұл – ел ауқымындағы жетіспеушілік.

Екінші күні мониторингтік топ Заря, Кеңес округтерінің және Ольгинка ауылының дүкендері мен дәрігерлік амбулаторияларын аралады.

Жалпы, мониторингтік топтың екі жұмыс күні ішінде тексерілген дүкендер және дәрігерлік амбулаторияларда жауапты және саналы адамдар жұмыс істейтініне көз жеткізілді. Себебі олар үнемі хлорлы ерітіндімен бөлмені жуады және желдетеді, келушілер үшін антисептиктер мен қолғаптар сатып алған.

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk