Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- 1986 жылы туған ер адам балық аулау кезінде резеңке қайық аударылып, суға батып кеткен. Балықшының құтқару жилеті жоқ болып шықты, - дейді департаментте.

Оқыс жайтта ажал құшқан адамның денесін Екібастұз қаласы жедел құтқару жасағының сүңгуірлері жағадан 50 метр қашықтықта, үш метр тереңдікте анықтады.

ТЖД қызметкерлері бүгінгі күні мұзға шығу өте қауіпті екенін еске салады. Көктем басталған кезде мұз жұқа болып келеді және кез келген уақытта сынып кетуі мүмкін.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам