Ертіс ауданының әкімі Аян Бейсекин Instagram желісіндегі өзінің жеке парақшасында жазғандай, Biz birgemiz! акциясы аясында ауданда медициналық бетперделер тігу қолға алынды.

- Маскаларды тігу ісіне коммерциялық, қоғамдық ұйымдар мен қарапайым аудан тұрғындарының 30-дан астам тігін машинасы жұмылдырылды. Бір тәулік ішінде 1055 бетперде әзірленді, - деп жазады Аян Бейсекин.

Бетперделер көпбалалы отбасылар, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға тегін таратылуда. Сондай-ақ оларды аудан орталығының дәріханаларынан 90 теңге шамасындағы бағаға сатып алуға болады.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk