Акция 20 сәуір мен 30 мамыр аралығында басталып, 2020 жылдың қыркүйектің ортасынан қазан айының ортасына дейін жалғасады. Науқанға кез келген адам қатыса алады.

- Акцияға қатысушылар «Ата, сен менің есімдесің!» ұранымен көшеттер отырғызады, - дейді «Майдан жолы» Павлодар зерттеу отрядының командирі Александр Шитов. - Сондай-ақ Ұлы Отан соғысында қаза тапқан аталарымызды бір минут үнсіздікпен еске алады. «Даңқ аллеясы» акциясы Жеңістің 75 жылдығына арналған еске алу және сол жылға арналған басты іс-шаралардың бірі болады.

Павлодар облысы тұрғындарының таңдауына 50 см-ге дейінгі қарағай, емен, шаған, пирамидалы терек, алма сияқты көшеттер ұсынылады. Акция шарттарына сәйкес, жергілікті тұрғындар жас ағаштарды тегін алып, өз қолдарымен өз үйінің жанында отырғыза алады.

- Коронавирустың таралу қаупіне байланысты акцияға қосылғандардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз, - дейді Александр Шитов. - Атап айтқанда, қатысушылар арасындағы қашықтық бірнеше метрді құрауы тиіс. Ағаштарды отырғызу кезінде шағын топтармен қозғалу керек. Аға буын өкілдері іс-шараға қатысудан қалыс қалуды сұраймыз. Біздің ұйымдастырушылардың міндеті – келесі ұрпаққа Отан қорғау үшін ең құнды -өз өмірін берген ұлы халықтың ұрпақтары екенін еске салу.

Қатысуға өтінім 15 сәуірге дейін alex.shitov@mail.ru электрондық мекенжай бойынша қабылданады.

Анықтама мен қосымша ақпаратты 8777-461-73-78 (WhatsApp, Александр Шитов) телефон арқылы алуға болады.

Айтуар Тулеутай 

Фото: ашық дереккөздерден 

pavlodarnews.kz

Тэги: