- Қадірлі баянауылдықтар! – деп жазады аудан әкімі. - Баршаңызды қазіргі қауіпті жағдайда сабырлы болуға шақырамын! Әрбіріңізден сақтық шараларын күшейтулеріңізді сұраймын! Әрқайсыңыз өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне жауапкершілікпен қарап, үйде болыңыздар! Балаларыңызды қатаң қадағалаңыздар! Біздің басты байлығымыз - адам өмірі екенін естен шығармаңыздар! Біз бірге болып, Мемлекет басшысының Жарлығына құлақ асып, бұл қиыншылықты жеңіп шығамыз! Мұның барлығы өтпелі!

Сондай-ақ ол жалған ақпарат таратпау керектігін еске салады.

- Ондай әрекеттер үшін кез келген азамат заң алдында жауапқа тартылады. Онсыз да қорқыныштан қалтырап отырған ел-жұртты үрейлендірмеңіздер! Нақты емес, алып-қашпа негізсіз әңгімелерге ермеулеріңізді сұраймын! Қадірлі жерлестер! Біз біргеміз! Осыны естен шығармаңыздар! Бірге болсақ қана кедергіден қиналмай өтіп, кез келген қиыншылықты жеңіп шығамыз, - дейді Қанат Кәрімов.

Фото: ашық көздерден

 

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk