«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мұнда павлодарлықтар онлайн түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижесін ала алады. eGov порталында қызмет нәтижесі қағаз түрінде берілетін 23 түрлі мемлекеттік қызмет бар.

 –  Мамандандырылған ХҚО-да да дайын құжаттарды беру терезесі ғана жұмыс істейді. Ол жерде автокөлігін қайта тіркеуге қойған немесе жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырғандар  дайын құжаттары мен мемлекеттік тіркеу нөмірін ала алады. Сондай-ақ Ақсу мен Екібастұз қалаларында, аудандарда орналасқан ХҚО-да да тек дайын құжаттарды беру терезелері жұмыс істейді. Қызмет алушылардың дайын құжаттарын беру жұмысына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 400-ге жуық қызметкері тартылған. Олардың барлығы қорғаныс және дезинфекция құралдарымен жабдықталған, – дейді филиалда.

Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы.

Дайын құжаттарды беруге арналған қалалық және аудандық бөлімдердің тізімін мына жерден көруге болады: gov4c.kz

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылды. Азаматтар қызметтерді тек электронды форматта алады.

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk