Павлодар қаласы білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханованың мәліметінше, спорттық акробатика бойынша XV халықаралық турнирде Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Аружан Сандыбаева кіші жастағы топтар арасында бағдарлама бойынша топ құрамында І орынды иеленді.

- Аружан акробатикамен 9 жастан бастап № 4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде айналысады, - дейді бөлім маманы. - Жаттықтырушылары - Маргарита Воробьева, Татьяна Коваленко, Виталий Коваленко және Жанна Пилипенко. Ол 2016, 2017, 2018 жылдары Новосібір қаласында, 2019 жылы Петропавл, Павлодар, Омбы қалаларында, 2020 жылы Петропавл қаласында өткен 8 халықаралық жарыстарға қатысты. Сондай-ақ ол мектепте жақсы оқиды және мектеп өміріне белсене қатысады. Бос уақытында көркем әдебиет оқумен айналысады.

Айта кетерлігі, жас спортшы 19 алтын, 6 күміс, 8 қола медаль иегері. Оған қоса, спорттық акробатика бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері.

pavlodarnews.kz

Тэги: