Бұл туралы Павлодар облыстық әкімдігінің Telegram парақшасында жарияланды.

- Қазіргі уақытта Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тек бір адам ғана бар, - делінген хабарламада. – Яғни, екінші адам тіркелмеген. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жағдай Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі. Бұған дейін Нұр-Сұлтаннан Павлодардағы зертханаға тексеру үшін пробалар жеткізілген. Солардың біреуі оң нәтиже көрсетті. Аймақ тұрғындарын сабыр сақтауды сұраймыз!

Ал, Telegram-дағы коронавирусқа қатысты ресми парақшада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі науқастың Нұр-Сұлтан қаласында ем алып жатқаны жазылды.

- Бұл науқас Нұр-Сұлтан қаласында ем алуда. Бірақ жүргізілiп жатқан зерттеулер мен анализ талдаулары мөлшерден көп болғандықтан, науқастың анализдерi Павлодар облысына жіберілді. Осыған байланысты, қазіргі уақытта Павлодар облысында 1 коронавирус ауруы тіркелді, - делінген хабарламада.

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk