Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Тереңкөл ауданы Песчаное ауылындағы екі дүкеннің иелері санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейту жөніндегі талаптарды сақтамаған.

–  Рейд кезінде аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сауда орындарында қолды антисептикпен өңдеуге арналған санитайзерлер жоқ екенін анықтады. Дүкен иелері ҚР ӘҚБК–нің 476-бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімі бойынша кәсіпкерлерге 10 АЕК-26 510 теңге айыппұл салынды, –  дейді департаментте.

Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік органмен белгілеген талаптарды орындамау бойынша кәсіпкерлік субъектілері тарапынан  облыс тұрғындары төтенше жағдай режимін сақтамаудың  117 фактісіне жол берген.

81 факті бойынша мекеме иелері облыс соттарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

23 нысан иесі бес тәулікке қамауға алынды, 51 бұзушыға 10 АЕК айыппұл салынды, жеті адамға ескерту жасалды. Тағы 36 әкімшілік материалды сот қарастыруда.

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk