Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Жыл сайын бағалы балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңінде құқық және табиғат қорғау органдарының қызметкерлері балықтардың еркін қозғалуын қамтамасыз ету, оның ішінде бекіре тұқымдас түрлерінің уылдырық шашу орындарына кедергісіз жетуі, заңсыз балық аулау мен айналымына жол бермеу үшін бірлесіп жұмыс атқарады. Балық қорғау шараларының тиімділігін арттыру мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар, Ішкі істер министрлері мен Ұлттық қауіпсіздік Комитеті төрағасы арасында «Бекіре» балық қорғау акциясын өткізу» туралы бірлескен бұйрыққа қол қойылды«, - деді ол.

Оның атап өтуінше, аталған бұйрықпен балық қорғау акциясын өткізу барысында Құқық қорғау және табиғатты қорғау органдарының өзара әрекеттесуі жөніндегі үйлестіру штабының құрамы, сондай-ақ бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді. Үйлестіру штабын басқару Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне жүктеледі.

Акция аясында браконьерлік фактілері көп айқындалатын жерлерде стационарлық, жылжымалы бекеттер және жылжымалы рейдтік топтар құрылды.

«Негізгі күштерді Атырау облысының шегіндегі Каспий теңізінің жағалауы мен акваториясында және Жайық пен Қиғаш өзендерінің саға алды кеңістігінде жұмылдыру көзделген, себебі осы жерлерде жиі браконьерлік фактілері тіркеледі. Бұдан басқа, кедендік бақылау бекеттерінде, әуежайларда, вокзалдарда және ірі тасжолдарда Қазақстан Республикасынан тысқары балық өнімдерін шығаруға бақылау жұмыстары күшейтіліп, заңсыз балық айналымы фактілері анықталып, тоқтатылады«, - деді Сәкен Ділдахмет.

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: