Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Меңдіқара ауданының Алакөл өзенінде болған. Бір топ балықшы мінген Mitsubishi Padjero көлігі жағалауға 200 метрдей қашықтық қалғанда мұз астына түсіп кеткен.

«Балықшылар көліктен шығып үлгерді. Ұялы байланыс желісі арқылы жергілікті құтқарушыларды шақырды. Сағат 21:30 шамасында Меңдіқара ауданының ТЖ бөлімі қызметкерлері оқиға орнына келіп, жағдайды бағалады. Балықшыларды Боровское ауылындағы кәсіптік-техникалық колледж жатақханасына орналастыру туралы шешім қабылданды. Келесі күні балықшыларға көмек көрсетуге Қостанайдан жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келді» делінген ТЖД ақпаратында.

Жасақ қызметкерлері мұзға батқан көлікті арнайы техниканың көмегімен алып шықты. Содан кейін балықшылар Қостанай қаласына жеткізілді.

pavlodarnews.kz

Тэги: