Бұл туралы ҚазАқпарат Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылы Қазақстанда 19 аса қауіпті ауруларға қарсы жануарларды вакцинациялау бойынша 150 млн-нан астам манипуляция жүргізу жоспарланған. Олардың қатарына аусыл, сібір жарасы, құтыру, пастереллез, туберкулез, ҰҚМ шешегі, құс тұмауы, оба, жұқпалы ринотрахеит және вирустық диарея, сондай-ақ эмкар, эктима, жылқының құлағы, ринопневмония, нодулярлық дерматит, ет қоректілердің эхинококкозы, лептоспироз, листериоз, ньюкасл ауруы, қойдың анаэробты энтеротоксемиясы және брадзот кіреді.

«Вакцинациялау үшін 120 млн ветеринарлық препарат пен 30 мың литр дезинфекциялық құрал сатып алынады. Бүгінгі күні ветеринариялық алдын алу іс-шаралары жоспар бойынша жүргізіледі, ветеринариялық зертханалар штаттық режимде жұмыс істейді» делінген хабарламада.

Жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай АШМ тұрақты бақылауында.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: