Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мектепке дейінгі секторының меңгерушісі Бақыт Қырықбесованың айтуынша, биылғы жылдың 12 мамырынан бастап бас санитарлық дәрігердің қаулысы негізінде қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының қызметі жандандырылды.

- Кезекші топтар ашылды, - дейді Бақыт Қырықбесова. - Білім бөлімі балалардың сабаққа қатысуына күнделікті мониторинг жүргізеді. Бір топта бас санитарлық дәрігердің шешімі негізінде 15 баладан артық келмейді. Карантиндік шаралар әлсіреген жағдайда қосымша топтар ашу жоспарлануда. Оның ішінде мектепке дейінгі шағын орталықтар да бар. Қажеттіліктерге қарай балалар саны бұл топтар бір және әртүрлі жастағы болуы мүмкін.

Сектор меңгерушісі балалар жергілікті педиатрдың анықтамасымен қабылданатынын атап өтті. Сондай-ақ әрбір ата-ана қажеттілігіне қарай жүгінеді. Сондықтан күн сайын мониторинг жүргізіледі. Себебі, егер жұма күні балабақшаға келген балғындардың саны 15 пайызды құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 20 пайыздан асқан. Яғни, өзгеріп отырады.

- Балабақшаларда дезинфекциялық режим күшейтілді, - дейді спикер. - Қызметкер мен балалар үшін де қатаң таңертеңгілік фильтр жүргізіледі. Таңертең балалар міндетті түрде бақылаудан өтеді. Медбике температураны өлшейді, тері жабындарын арнайы журналға енгізеді. Тек осыдан кейін ғана кіруге рұқсат беріледі. Әдетте таңертеңгілік қабылдауды далада жүргіземіз, өйткені ауа райы мүмкіндік береді. Балабақшаға бөгде адамдардың кіруі тоқтатылды. Яғни, медбике балаларды бір-бірден қабылдайды, ал тәрбиешінің көмекшісі баланы топқа апарады.

Сондай-ақ балабақшаларда ылғалды жинау кестесі және кварцтау, желдету және балалардың серуенге шығу жиілігі күшейтілді. Жатын бөлмелерде әлеуметтік қашықтық сақталады.

- Балалар күн тәртібі бойынша серуендейді, - дейді Бақыт Қырықбесова. - Қазір оқу жылының соңында балалармен негізінен далада айналысу жүзеге асырылуда. Ауа райының жақсы жағдайында біз сабақтардың бір бөлігін далаға көшіруді ұсынамыз. Мысалы, дене шынықтыру сабақтары, музыкалық сабақтар, бейнелеу өнері бойынша сабақтар өткізіледі. Себебі, учаскеде жабдықтар бар. Балалар еркін сурет сала алады.

Бүгінгі күні жоспар бойынша күрделі жөндеу жұмыстары өткізіліп жатқан үш мектепке дейінгі мекеме жұмыс істемейді. Бұл - №24, №86, № 30 балабақша.

Айгүл Жүсіпова 

Фото: Ольга Бугаева 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: