Акция ұйымдастырушыларының мәлімдеуінше, іс-шараға облыс мектептерінің 9-11-сыныптарының бес мыңнан астам оқушысы, сондай-ақ колледждердің және жоғары оқу орындарының жеті мыңға жуық студенті қатысты.

- Бейне сабақ сапалы білім мен адами құндылықтарды меңгерудің маңыздылығын түсіндіру үшін жасалған, - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің аймақтық департаментінде. - Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаев нақ осындай қасиеттерге ие болуға ұмтылды. Биыл біз ақынның 175 жылдығын атап өтеміз. Ол қазақ әдебиеті үшін 176 өлең, үш поэма, 45 қара сөз сияқты үлкен мұра қалдырды. Оның еңбектері бізді даналыққа, әділдік пен адалдыққа үйретеді.

Оқушыларға қарапайым көшірудің де салдары бар екенін еске салды.

 

 

 

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Абай