Бұл туралы онлайн баспасөз конференциясында облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зәмзагүл Досжанова мәлім етті.

- Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтауына байланысты өңірде карантин шектеулері біртіндеп тоқтатылуда, - дейді Зәмзагүл Досжанова. - Бүгіннен бастап діни нысандар жұмысын қайтадан бастады. Бұл мекемелерге бару уақыты сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін шектелген. Барлық санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтау керек. Сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарына сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, өзен көліктері сағат 7.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. Әзірге адам көп шоғырланатын ойын-сауық-сауда орындарына, мейрамханаларға, кинотеатрлардың жұмысына тыйым салынған. Жағдай тұрақтаған болса, 25 мамырдан бастап шектеулер жұмсартылады.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, тәжірибе нәтижесі көбінесе егде жастағы адамдар шалдыққанын көрсетуде, бірақ балалардың арасында да жұқтыру қаупі бар.

- Тұрғындардың көбі әлеуметтік қашықтықты және маска кию режимін сақтамайды, - дейді Зәмзагүл Досжанова. - Бәлкім бұл ауру ЖРВИ сияқты маусымдық сипатқа ие болып қалуы мүмкін. Сондықтан өмір сүру салтын өзгерткен дұрыс. Қолды жиі жуып, антисептик қолданудың маңызы зор. Сырқат белгілері анықталған кезде бірден ауруханаға жүгіну керек.

 

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам