Іс-шараға қатысқан ҚР Сот сараптамалары орталығының облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Болат Серікбаев бұл үдерістің еліміз бен өңіріміздегі жүзеге асырылу барысымен қысқаша таныстырды.

- Елімізде сот сараптамаларының кейбір түрлерін аутсорсинг әдісімен бәсекелестік ортаға тапсыру бойынша жұмыс жүргізілуде, - дейді Болат Серікбаев. – Осыған орай арнайы жоспар құрылған. Заңда сот сараптамаларын лицензия негізінде осы іспен айналысатын жеке тұлғаға тапсыруға тыйым салынбаған.

Анық болғандай, Павлодар облысында мұндай лицензия тек жоғары санаттағы сот-медициналық сараптамашы Сандуғаш Әкімеева ғана ие. Оның сот-медициналық куәландырудың бірнеше түрін жасауға рұқсаты бар.

Айта кетейік, сот сараптамасын жеке тұлғаларға тапсыру Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары, Алматы және Шымкент қалаларында пилоттық режимде жүзеге асырылуда.

Айбек Жұматов

Фото: облыстық ДП баспасөз қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: заң, сот, сараптама, экспертиза, полиция