Бұл туралы онлайн баспасөз конференциясында Павлодар қаласы полиция басқармасының аға жедел уәкілі Асхат Байсекенов мәлім етті.

-    Жыл басынан бері Павлодар қаласында 200-ден астам интернеттегі алаяқтық ісі тіркеліп, 70 пайыздан астамы ашылды, - деді Асхат Байсекенов. – Қалған 30 пайызы басқа елдердегі азаматтармен жасалғанына байланысты. Олардың көбі - Ресей елінен. Қаржы Ресей банктеріндегі еспшоттатрға жіберілген. Біз ресейлік әріптестермен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Құр отырған жоқпыз.

Асхат Байсекенов алаяқтар интернетте арзан баға ұсыну, смс хабарлама жіберу арқылы адамдарды алдап кететінін айтты.

-    Алаяқтар интернет арқылы kolesa.kz, krisha.kz, olx.kz сияқты түрлі платформаларда жарнама береді. Сататын заттарына арзан баға қою арқылы адамдарды қызықтырады. Сондай-ақ алаяқтар тұрғындарға автокөлік, телефон ұтып алғандары жөнінде смс жіберу тәсілін де қолданады. Көбіне зардап шегушілер алаяқтарға өзі және  банктегі есепшоттары туралы ақпаратты беріп қояды, - деді Асхат Байсекенов.

Полицейлер павлодарлықтарға интернет арқылы алдын ала төлем жасамауға, өзіңіз және банктегі есепшоттарыңыз туралы деректі бермеуге кеңес береді. Оған қоса, тауарды сатып жатқан адаммен толық байланысқа шығып, виедоқоңырау арқылы көз жеткізу керектігін ескертеді.

Оразбек Саяхат
Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, интернет алаяқтық, ПД