Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин, қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева орта мектеп директорларымен онлайн кездесу өткізді.

Онлайн жиналысқа 205 мемлекеттік, 61 жекеменшік мектеп директоры қатысты.

«ҰБТ Алматыда 20 маусым – 5 шілде аралығында өтеді. Тестілеуді 190 мемлекеттік мектеп, 49 жекеменшік мектептің 9 047 оқушысы тапсырады. Тестілеу бұрынғы форматта өтеді. Бірақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптар күшейтіледі», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Одан бөлек қала әкімдігі ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен біріге отырып, балаларды мектептен тыс біліммен қамту мақсатында «Жол картасын» әзірлеп жатыр.

Алматыда 1 маусымнан бастап 1-сыныпқа қабылдау басталады. 15 мамырдан бастап дарынды балаларға арналған гимназия, лицейлерге бала қабылдайды.

Ержан Бабақұмаров білім басқармасына санитарлық нормалардың сақталғанын бақылау үшін мониторинг топтарын құруды тапсырды.

«Балалардың қауіпсіздігі үшін дербес жауапкершілік мектеп басшыларының мойнында болмақ», - деді Е.Бабақұмаров.

pavlodarnews.kz

Тэги: