Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

-    16 мамырда Екібастұз қаласының 5 тұрғыны жазылып шықты.  Оның ішінде 1979 жылы туған ер адам, 1980 жылы туған әйел адам және  2004, 2006, 2011 жылдары туған 2 ұл бала мен 1 қыз бала бар. 1979 жылы туған ер адамда 26 сәуірде,  1980 жылғы әйел адам мен 2006, 2011 жылы туған 2 балада 29 сәуірде, 2004 жылы туған балада 1 мамырда КВИ  анықталған. Барлығы COVID-19 расталған адамдармен қарым-қатынаста болған, - деді басқармада.

Сондай-ақ 17 мамырда 5 науқас жазылып шыққан. Олар: 1967, 1977 жылы туған 2 ер адам мен 1998, 1964 жылы туған 2 әйел адам. Барлығы Екібастұз қаласының тұрғындары. Ал, 1984 жылы туған ер адам Павлодар қаласының тұрғыны. Екібастұз қаласындағы 1977 жылғы ер адамда 24 сәуірде, 1967 жылғы ер адамда 26 сәуірде және 1964, 1998 жылғы әйел адамдарда 1 мамырда  КВИ анықталған.  Павлодар қаласындағы 1984 жылғы ер адамда 30 сәуірдегі нәтиже COVID-19 бар екенін көрсеткен. 5 науқастың үшеуі бұрын COVID-19-бен ауырған адамдармен қарым-қатынаста болған.  Ал, Екібастұз қаласының Мәскеуде оқитын 1998 жылғы тұрғыны Ресей Федерациясынан келді. Келгеннен кейін карантин госпиталінде оқшауланған.

Ал, 18 мамырда 8 пациент жазылып шықты. Оның ішінде 7 пациент Екібастұз қаласының тұрғындары болып табылады. Олар: 1967, 1970, 1978, 1980, 1984 жылы туған 5 ер адам, 2005 және 2009 жылы туған 2 бала (ұл, қыз). Оған қоса, Павлодар қаласында 1981 жылғы ер адам жазылып шықты.

-    Екібастұз қаласындағы 1978 жылғы ер адамда СОVID-19 27 сәуірде анықталса, қалған барлық науқастарда 1 мамырда анықталған. 8 пациенттің алтауы бұрын КВИ расталған жағдайымен байланыста болды, - деді басқармада.

19 мамыр күні КВИ жұқтырған 6 пациент сауығып кетті. Оның ішінде 4 пациент Павлодар қаласының тұрғындары болып табылады: 1989, 1998 жылығы ер адамдар және 1969, 1999 жылы туған 2 әйел адам. Сондай-ақ Екібастұз қаласында 1960, 1967 жылғы әйел адамдардар емделіп шықты.

-    Екібастұз қаласындағы 1960 жылғы әйел адамда 29 сәуірде, барлық қалған нәтижелер 2 мамырда анықталған. 6 пациенттің бесеуі КВИ расталған жағдайымен байланыста болды. 1969 жылы туған әйел адам Ресей Федерациясынан келді. Екі теріс тесттің негізінде пациенттер ауруханадан шығарылған. 14 күн ішінде медициналық бақылауда үй карантинінде болады, - деді басқармада.

2020 жылғы 19 мамырдағы жағдай бойынша  Павлодар облысында 167 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 138 адам емделіп шықты. Емделіп шыққандардың ішінде 68 әйел адам, оның 14-і бала. 70 ер адам, оның 14-і бала.

Жастары бойынша: 5 жасқа дейін – 4, 6 жастан 14 жасқа дейін – 19, 15 жастан 18 жасқа дейін – 5, 18 жастан 45 жасқа дейін – 65, 46 жастан 65 жасқа дейін – 42, 71 жас – 1, 73 жас – 2.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk