Білім ордасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оған еліміздің 15 мыңнан астам үздік оқушысы қатысқан. Республиканың білім беру ұйымдарының 7-8-сыныптарында қазақ және орыс тілдерінде білім алатын оқушылар математика, физика, химия және биология пәндерінен барлығы 100 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындады.

Әр пәннен 25 сұрақтан ұсынылды. Оның ішінде 10 тапсырма бір дұрыс жауап нұсқасымен, 5 тапсырма хронологияға, 5 тапсырма сәйкестікке, 5 тапсырма екі немесе одан көп дұрыс жауап нұсқасымен. Әр турдан өту үшін 100 минут уақыт берілді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқуға ынталандыру, жасөспірімдердің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру.

- Аталмыш додада Павлодар қаласындағы НЗМ-нің 16 оқушыcы 1-орынды иеленсе, 17 шәкірт 2-орынға шықты, ал 31 оқушы 3-орынды қанжығаларына байлады, - дейді баспасөз хатшысы Рымгүл Божақанова.

Жалпы барлық NIS командасы Зияткерлік мектептердің 68 оқушысы жеңімпаз атанса, 99 зияткер – екінші орынды, 175 дарынды жас  үшінші орынды иеленген.

фото: ашық көздерден

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім