Бұл тралы   ҚазАқпарат хабарлайды.

«Күнімізді жақсы жаңалықтан бастап отырмыз. COVID-19 індетімен бірінші болып ЭКМО аппаратына (жүрек пен өкпе функциясын қолдауға арналған экстракорпоралды мембрандық оксигенация аппараты) қосылған науқас емделіп шықты. Ер адам өзінің 30 жасқа толған мерейтойын осы аппаратта қосылған күйінде қарсы алған еді. Қазір оның жағдайы жақсы», - делінген Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының мәліметінде. Айта кетейік, осы қуанышты оқиға Республикалық қарқынды терапия орталығы дәрігерлері мен төтенше жағдай кезеңіне құрылған Сарапшылық топтың жемісті әрі бірлескен жұмысының нәтижесі болып отыр.

Сарапшылық топ коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарға қарқынды терапия көрсету үшін құрылған болатын. Сарапшылық топтың негізгі мақсаты – еліміздегі медициналық ұйымдарда COVID-19 жұқтырған ауыр жағдайдағы барлық адамдарды емдеу әрі диагностикалық көмек көрсету тәсілін үйлестіру мен қадағалау. Еліміздегі барлық науқастар Сарапшылық топ пен Республикалық қарқынды терапия орталығы мамандарының тұрақты бақылауында болды. Күн сайын косилиум өткізіліп, содан кейін инфекция жұқтырған науқастарды емдеуге қатысты шешімдер жасалып отырды.

pavlodarnews.kz

Тэги: