Екі күн қатарынан Ертіске төрт баржадан  шіркей дернәсілдеріне қарсы бактицид құйылады.  Мамандар  өзенде сұйықтық суда таралып, «қабырға» құрайтын бес нүктені анықтайды.

 Бақтицид бір күн бұрын баржаларда дайындалады. 

«Euro ЭкоПром» ЖШС басшысы Бауыржан Жанақовтың айтуынша, өндіруші зауыт үш күн бұрын өнімді дайындауға рұқсат береді, дегенмен компанияда жаңа ғана дайындалған препаратты қолдануды жөн санайды.

 - Біз таңғы сағат алтыдан бастап ерітіндіні араластырып, қажетті жабдықты ретке келтіруге кірісеміз. Баржаның өзінде араластырамыз және ол үшін Ертіс өзенінің суын қолданамыз. Қауіп-қатерлерді азайту және құрттарды барынша тиімді жойып, бактерия нәтижесін көрсетуі үшін бір тәулік ішінде арнайы ерітінді дайындаймыз, - деп атап өтті Бауыржан Жанақов.

 Бір баржа 19 текше метрге есептелген, олардың біреуі толығымен толтырылмайды, қалғандарына мың литрден бөлінеді. Дайын препараттың құрамында ұнтақ түрінде 15 қап бактицид бар. Әрқайсысында 20 келіден келеді.

Барлығы төрт баржада 80 мың литр бактериологиялық құрал бар.

- Бірінші нүкте - Ақсуда, дегенмен ол жерде екі баржа қолданылады. Бесқарағай аумағында 10 мың литр құйылады. Әрі қарай 7 мың литрді Черное ауылының жанынан аламыз. Бұл ауылдың жанында өзеннің тармағы бөлінеді. Белая өзені бөлініп, Ертіс - Қарағанды арнасы шығады. Келесі нүкте қалаға жақын – Ақсу қаласынан 10 шақырым қашықтықта. 18 890 литр құйылады. Өйткені қазір су шығыны өте жоғары. Одан кейінгі нүкте – Мичурино, - деді ғылыми сүйемелдеу тобының жетекшісі Ермек Ғабдуллин.

Оның айтуынша, ғылыми топ шыбын-шіркейді бақылау бойынша ұсыныстар береді.

- Егер судың бір шаршы дециметріне 850-ден 1300-ге дейінгі дернәсілден келсе, шіркейлерді улайды. Ұшып кеткендер бойынша алатын болсақ, шаршы дециметрге 85-100 дернәсілден шықты. Мұндай жағдайда бакпрепаратты пайдалану тиімсіз, - деп мәлімдеді Ермек Ғабдуллин.

Маман шіркейлерді улау кеш емес деп сендірді. Себебі, Ертіс енді ғана арнасына түсуде.

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Дезинсекция, гнус, мошка