Бұл туралы ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбай мәлім етті.

- Қасиетті Рамазан айының Қадір түнінің құрметіне Павлодар орталық Мәшһүр Жүсіп мешітінің бірнеше жамағаты бірлесіп, мұқтаж болған 100 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетті. Сонымен қатар, мешіттің ұйымдастыруымен ораза тұтқан 100 адамға арнайы «Ауызашар пакетін» дайындап, үй-үйлеріне жеткізіп берді, - деді Амантай Тойшыбай.

Амантай Тойшыбайдың айтуынша, облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы «Халық радиосы» және қалалық «Ирбис» телеарнасының тікелей эфирі арқылы мұсылман қауымына қадір түнінің қасиеті, бұл түнде қандай амалдар жасап өткізуі қажет екендігі туралы кең көлемде мағлұматтар беріп, елімізге амандық, отанымызға тыныштық тілеп, халықты қазіргі төтенше жағдайға байланысты сабырлы болуға шақырды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Мәшһүр Жүсіп мешіті, дін