Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті.

- 20 мамырдағы жағдай бойынша COVID-19 Екібастұз қаласының 6 тұрғынында анықталды. Олар: 1952, 1960, 1967, 1969, 1980 және 1996 жылғы әйел адамдар. Оған қоса, Баянауыл ауданының екі тұрғыны 1961 жылғы әйел адам мен 1959 жылғы ер адамда және Павлодар қаласында тұратын 2019 жылы туған қыз балада тіркелді. Әйел адамдар тұрғылықты жері бойынша созылмалы бронхит пен созылмалы ларинготрахеит, омыртқаның мойын тұсының остеохондрозы, ЖРВИ бойынша қаралған. Олардың біреуіне ауруханадан тыс екіжақты астыңғы үлесті өкпе қабынуы диагнозы қойылды. 68 жастағы әйел созылмалы панкреатит диагнозымен жатқызылды, - деді комиссияда.

1969, 1961 және 1959 жылы туған пациенттер мен 1 жастағы сәби бұған дейін анықталған КВИ жағдайымен қатынаста болған.

Барлық пациенттерде дене қызуы көтерілген, тамағы ауырып, қырылдаған, жалпы әлсіздік, тершеңдік байқалған. ПТР зерттеулері оң нәтиже көрсетті.

- Барлық пациенттер Павлодар және Екібастұз қалалық ауруханаларының инфекциялық бөлімдеріне жатқызылды. Бекітілген протоколға сәйкес ем жүргізіліп жатыр. Барлық жағдайда байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталды. ҰСО филиалы мамандарымен тұрғылықты жерлерінде және жұмыс орындарында қорытынды дезинфекция жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр, - деді комиссияда.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 176 жағдай тіркелген.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk