- Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері! Құрметті ардагерлер! Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Мәдениет саласын қолдау – мемлекеттің ең маңызды ісі десем артық емес. Тәуелсіздік алғаннан бері бұл сала жаңа серпінмен дамып келеді, халқымыз әдет-ғұрпымызбен қатар құнды мұраларымызбен қайта қауышты! Біз үшін бұл - үлкен қуаныш.

Ертіс-Баян өңірі - ғұлама-ғалымдарды, жазушы-ақындарды және өнер саласына айрықша үлес қосқан дарынды тұлғаларды дүниеге әкелген киелі мекен. Тума талант иелері мен өнер майталмандарының арқасында мәдениетіміз қайта жаңғырып, төрткіл әлемге танылды.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін!, - деп жазылған хабарламада. 

Еске сала кетейік, 2013 жылғы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 21 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні мерекеленеді. Оны Қазақстанның барша өнер, мәдениет қызметкерлері атап өтеді.

Осы күні мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне жылы лебіздер мен алғыстар айтылады, өйткені рухани байлықты дамытуда және мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуы ісіне қосқан мәдениет саласы қызметкерлерінің үлесі орасан зор.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, мәдениет