Облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, полицейлер жиі келіп түскен қоңырауларды тексеріп, тізімге енгізілген 750 отбасыда құқық бұзушыны анықтаған және олар үнемі тексеріліп тұрады.

- Мұндай қылмысты негізінен 30 жастан асқан, спирттік ішімдіктерді пайдаланатын, жұмысы жоқ, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында үнемі бұзушылықтар мен қақтығыстарға жол беретін адамдар жасайды, - дейді Жасқайрат Қайыров. - Сәуір және мамыр айларында, яғни карантин кезінде есепке алынған адамдармен жасалатын құқық бұзушылықтар азайғанын айта кету керек.

Учаскелік, ювеналды полиция инспекторлары 1300-ден астам адамды жауапкершілікке тартты. Сот шешімі бойынша 412 адам қамауға алынды.

- Аймақта 2500-ден астам адам қорғаныс нұсқамаларын алды, - дейді ПД бастығының бірінші орынбасары. - Егер ведомствоға тәртіп бұзушы туралы бірнеше рет хабарлама келіп түссе, онда тәртіп бұзушы әкімшілік кодекстің 461-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл ескерту, айыппұл немесе бес тәулікке дейін қамауға алуға рұқсат береді. Қорғау нұсқамасын 283 адам бұзды. Оның 115-і қамауға алынды.

Қорғаныс ережелеріне қосымша, құқық бұзушыларға үш айға дейін арнайы талаптар қойылады. Облыста мұндай адамдар саны - 264. Учаскелік инспектордың өтінішінен кейін сот арнайы талаптар қояды. Алкогольді пайдалануға тыйым салуды қамтитын жағдайларды бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 2-бөлігімен 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе жеті күнге қамауға алынады.

Жасқайрат Қайыров заң бойынша іс отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтың кез келген фактісі бойынша жүргізілетінін атап өтті.

- Хаттама толтырылады, -дейді спикер. - Сот алдындағы кеңесте медиация арқылы екі тарап татуласуы мүмкін. Бірақ бұл сотта болады. Учаскелік инспектор бұрынғыдай істі тоқтата алмайды. Осыдан он жыл бұрын жәбірленушілердің 85 пайызын әйелдер құрайтын. Сондықтан ведомствода әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар пайда болды. Бірақ соңғы үш жылда құрбандар арасында ерлер саны артты. Біз мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде олардың материалдық жағдайын жақсарту, жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс жүргізудеміз. Бізде Павлодар ауданы мен Павлодарда балаларға қатысты сегіз қылмыс жасалған. Бұл оқиғалар 2013, 2015, 2017 жылдары болды. Аталған фактілер бойынша әзірге сот шешімі болған жоқ. Сондықтан нақты қандай қылмыс болғанын айта алмаймын.

Облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар құрбандарға бейімделуге көмектесетінін айтты.

Зардап шеккендер Қамзин көшесі, 20 мекенжайында орналасқан орталыққа көмек алуға жүгіне алады.

Айгүл Жүсіпова

Фото: ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам

Читайте так же: