- Қалыптасқан жағдай туралы басшылық жағынан ешкім келіп əңгімелескен жоқ, - дейді Милан Миланович. - Чемпионат жанданатын уақыт та белгісіз. Жалпы жағдайымыз түсініксіз. Дегенмен біріншілік маусым-шілдеде басталған күнде де дайындалуға уақыт жеткілікті. Ол үшін бізге 3-4 спарринг өткізу керек.

Серб маманының айтуынша, командадағы психологиялық ахуал жақсы, ойыншылар тырысып жаттығуда.

Сонымен бірге Милан Миланович Ertis ФК Премьер-лиганың алғашқы екі турында көрсеткен ойынына баға берді.

- Екі турда көрсеткен нəтижеміз жақсы деуге болмайды, - Милан Миланович. - Бірақ ойын өнері көңілімнен шықты. Əсіресе «Қайсарға» қарсы жақсы ойнадық. Екінші ойынды жақсы бастадық, бірақ сəлден соң психологиялық жағынан ұтылдық. Десек те, нашар нəтиже үшін өзімді ақтап тұрғаным жоқ.

Еске сала кетейік, Ertis ФК коронавирус таралуына байланысты орын алған ұзақ үзілістен соң өткен аптада жаттығуларына кірісті.

Айбек Жұматов
Фото: автор және Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: