COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәлімдеуінше, 22 мамырда әйел адам Павлодар облысының кардиологиялық орталығына жоспарлы консультация алуға жүгінген. Қаралу кезінде пациент әлсіздікке, ентігуге, жөтелге, кеуденің ауырсынуына, жіліншігі мен табанының ісінуіне шағымданған.

- Қойылған диагноз: екіжақты плевропневмония, дем жетіспеушілігінен жағдайы шамамен орташа ауыр, жүрек қызметінің декомпенсациясы.

Анамнезден белгілі болғандай, 13 мамырдан 21 мамырға дейін әйел адам Екібастұз қаласының жеке медициналық орталығында стационарлық ем алған, ол жерде 2-типтегі қант диабеті анықталған, - деп жазылған хабарламада.

22 мамырда ПТР зерттеу нәтижесі бұл кісінің COVID-19 вирусын жұқтырғанын көрсетті.

Емделуші облыстық аурухананың жұқпалы аурулар госпиталіне жатқызылды.

Қазір науқаспен байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып, эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі күні Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 177 адам тіркелген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Баянауылауданында ерлі-зайыптылар коронавирус жұқтырған болатын. Олар - 1961 және 1959 жылғы ерлі-зайыптылар. Бірінші 14-і күні әйел адам ауырған, бірақ оның шағымдары коронвирусқа мүлдем қатысты болмаған. Остеохондрозға байланысты болған. Ол аудандық ауруханаға фильтр арқылы жүгініп, рентген жасалған. Фильтрде болғаннан кейін мұрнының сол жағынан талдау алынғанда КВИ анықталған. Эпидемиялогиялық тергеу жүргізуден кейін сол күні жолдасынан да талдау алынып, оның бұрын Екібастұз қаласында провизорлық стационарда пневмония диагнозымен жатқан.Талдау нәтижесі екі ретінде теріс нәтиже көрсеткен.

Әйелінде коронавирус анықталғаннан кейін талдау алынғанда ғана жұқтырғаны белгілі болды. Бүгінде байланыста болған адамдар шеңбері анықталды. Баянауыл аудандық ауруханасының терапевтік бөлімінде барлық байланыста болғандар оқшауланды.

Фото: ашық көздерден

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам