«Turkey PVL» ЖШС басшысы Ербол Досыбаевтың айтуынша, төрт құс фабрикасына арналған үй-жай іс жүзінде дайын. Ал сою цехында жабдықтар орнатылып, сынақтан өткен.

- Карантин режиміне байланысты әзірге Ресейден инкубациялық жұмыртқаны жеткізілмеді, - дейді компания басшысы. - Жұмыртқаны инкубациялау процесіне шілде айының ортасында бастауды жоспарлап отырмыз. Осыдан кейін бір айдан соң алғашқы фабриканы іске қосу керек. Кәсіпорынның жалпы жобалық қуаты жылына 8 мың тонна құс етін құрайды. Бұл жоспар орындалған кезде фабрикада 200-ге жуық жұмыс орны ашылады.

 Шақат ауылында орналасқан «Turkey PVL» ЖШС кәсіпорнындағы алғашқы құс фабрикасын тамыз айында іске қосу жоспарланып отыр.

Жаңа құс фабрикасы құрылысының жұмыс барысымен Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов танысып қайтты.

- Күркетауықты Оңтүстік Қазақстанда өндіреді, ал республиканың солтүстік облыстарында, менің білуімше, мұндай кәсіпорындар жоқ, - дейді өңір басшысы. - Оған қоса, құс фабрикасын іске қосу жақын маңдағы Жетекші Шақат, Красноармейка, ауылдардағы жұмыспен қамтудың кейбір мәселелерін шешеді. Сондықтан біз бұл жобаны қолдаймыз.

Ербол Досыбаев сапалы күркетауық өндіру үшін жоғары ақуызды жем қажет екенін атап өтті. Сондықтан кәсіпорында суармалы егіншілік есебінен жем-шөп базасын жеке өсіру туралы жоспарлауда. «Turkey PVL» ЖШС Ертіс-Успен су арнасы бойында жер телімін өсіруге дайын.

Айгүл Жүсіпова
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: производство, индюшатина, Павлодарская область