Павлодар облысында коммуналдық нысандардың жағдайын бақылайтын қалалар мен аудандардың сандық картасы пайда болады.

Бұл туралы аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов Екібастұзға жұмыс сапары барысында мәлімдеді.

 - Біз аулаларды, люктерді, аялдамаларды, коммуникацияларды белгілеу нүктелері кіретін, қандай да бір учаскеде не болып жатқанын көруіміз үшін облыстың - қалалардың, аудан орталықтарының сандық картасын жасаймыз, - деп түсіндірді әкім.

 Оның айтуынша, облыстың үш қаласы бірыңғай коммуналдық диспетчерлік қызметке қосылады. Павлодарда 109 бірыңғай байланыс-орталығының пилоттық жобасы наурыз айында, ал Ақсу қаласында 19 мамырдан бастап іске қосылды, ендігі  кезекте Екібастұз іске қосылды.

- Кез келген адам қоңырау шалып, туындаған мәселе туралы хабарлайды. Мысалы, люк ашық болса, адам суретке түсіреді және жібереді. Бір сағаттан кейін мәселе жойылды. Мұндай бағдарламаны біз барлық қалаларда таратамыз, облыстың кез келген тұрғыны коммуналдық қызметтерді дұрыс жасалмағандығы туралы хабардар ете алады, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов. - Біз бірыңғай қоңырау болады деп жоспарлап отырмыз. Операторлар қоңырауларды тіркейтін және қызметтерге жауап беретін болады.

Облыс орталығында 109 қызмет диспетчерлері тәулігіне 24 сағат сайын шағымдар мен ұсыныстарға жауап береді. Мамандар арнайы оқудан өтті. Наурыз айынан бастап байланыс орталығына 40 мыңнан астам қоңырау келіп түсті.

Орталық директоры хабарлағандай, өтініш берушілерді жарықтандыру, сумен жабдықтау, облыс орталығын санитарлық тазалау, қар мен қоқыстарды шығару, қоғамдық көлік қозғалысының кестесі, ашық люктер қызықтырады.

Өтінімдер төрт санат бойынша бөлінеді және орындалу мерзімі бар. Жауап мерзімділігіне байланысты бірнеше минуттан бір айға дейін беріледі.

Екібастұзда жүйені мамыр айында іске қосу жоспарлануда, бірінші жартыжылдықтың соңына дейін бірыңғай байланыс орталығына өңірдің барлық аудандары да қосылады.

Фото: Валерия Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: