Облыстық ТЖД  баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, екі бөлмелі  жеке тұрғын үйде жалпы аумағы 50 шаршы метр шатырдың ағаш құрамалары жанып, опырылып түскен.

- Сағат 17.20-да   өрт туралы хабар түсті. Оқиға орнынан сыйымдылығы 27 және 50 литрлік  екі газ баллонын эвакуациялады. Өрт сөндіруге 5  техника мен 15 қызметкер қатысты, - дейді департаментте.

Өрт сағат 17.46-да ауыздықталып, сағат 18.05-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

 

Фото: Облыстық ТЖД

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам