Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі алты көпқабатты үйдің тұрғындарымен кездесті.

1 мамыр күні жұмысты бастаған мердігер жобаны 1 қыркүйекке дейін толық жүзеге асыруға уәде берді. Екі апта ішінде аула ішіндегі жолдардың бір бөлігіне асфальт төселіп, бордюрлар орнатылды және балалар алаңы үшін орын дайындады. Абаттандырумен тұрғындар айналысып, гүлзарлар салынып жатыр.

- Бригада таңғы сағат беске дейін үзіліссіз жұмыс істеді. Бұл олардың жұмысы екені түсінікті, бірақ олар барлығын жақсы орындады. Біз істеген істеріңіз үшін өте ризамыз. Әкім мен оның орынбасарына ризымыз, біздің өтінішіміз орындалуда. 20 жыл ішінде мұндай болмаған, енді міне, екі апта ішінде аяқтап тастады. Бұрын бізді естімейтін, - дейді Мәшһүр Жүсіп атындағы № 157 үйдің тұрғыны.

Жоба Мәшһүр Жүсіп, 151А, 151, 153, 155, 157 және 159 көпқабатты үйлерді қамтыды.

Тұрғындардың айтуынша, алты үйде 293 бала бар, бірақ олар үшін тек әткеншектер мен құмсалғыштар ғана болған, ауладағы алаңдар 1986 жылдан бері жаңартылмаған.

Екібастұз әкімі Ержан Иманзайыповтың айтуынша, жаңа жоба бойынша үйлердің жанында балалар ойын кешендері, әткеншектер, тренажерлар және орындықтар қойылған екі аймақ орналасады.

– Тұрғындардың сұрауы бойынша бұрын болмаған қосымша тұрақ ашылады. Біз жүру бөлігін кеңейтуді қарастырдық. Бұл жерде тар жол болған, тек бір бағытта көлік жүретін, - деді Ержан Иманзайыпов. - Қосымша демалыс аймағын жасап, қарағаштар отырғыза бастадық. Бұл шағын рекреациялық аймаққа айналады.

Тұрғын үйлердегі қоқыс құбырларын еуроконтейнерлері бар алаңмен алмастырды. Қала әкімінің айтуынша, осылайша жағымсыз иістер, балшық және егеуқұйрықтар мәселесі шешілген.

- Мұндай тәсіл болуы керек: жобаны іске асырмас бұрын адамдарға келіп, олардың қажеттілігі туралы сұрау қажет, - деп атап өтті аймақ басшысы. – Бізде кейбір аулада ештеңе жоқ, кейбір жерде жақсы асфальт жабыны бар, бірақ балалар ойнайтын шағын формалар болмайды. Егер шағын нысандар мен асфальт болса, онда жасыл желектер жоқ. Біз бұл мәселені кешенді түрде шешуіміз керек, адамдар санына қарай асфальт пен мен гүлзарлар жасау керек.

 Әбілқайыр Сқақов жаңа алаңдардың сақталуын тұрғындар өздері қадағалауы тиіс екенін айтты.

- Бұл мүлікті ешкім бұзбайтынын бақылау маңызды. Біз сіздермен бірге жалпықалалық кеңістікті пайдалану мәдениетін арттыруымыз керек, - деп атап өтті әкім.

2020 жылы өңірде аулалардағы 200-ден астам демалыс орны абаттандырылады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға облыста 43 млрд теңге бөлінді.

 


Фото: Ольга Бугаева,  Валерий Бугаев 

pavlodarnews.kz

Тэги: