Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйел адамда COVID-19-ға оң нәтижесі 2020 жылдың 28 сәуірінде анықталған. КВИ расталған жағдаймен байланыста болғандықтан тексерілді.

Алынған екі тесттің теріс нәтижесі негізінде науқас инфекциялық ауруханадан жазылып шығарылды және үй карантиніне ауыстырылып, 14 күндік медициналық бақылауда болады.

Бүгінгі күні Павлодар облысында коронавирустық инфекциямен ауратын 177 адамның 146 науқасы инфекциялық ауруханадан жазылып шықты.

pavlodarnews.kz

Тэги: