Құрметті жерлестер!

Сіздерді Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт — игіліктің, қайырымдылықтың, достық пен шаттықтың мерекесі. Ораза айт ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйыстырады. Иманды күшейтіп, халқымызды жақсылыққа, қайырлы іс жасауға жетелейді.

Баршаңызға мерейлі мерекеде қуаныш, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін!

Сүйікті Қазақстанымыздың мерейін үстем етіп, халқымыздың ауыз бірлігін арттыра бергей!

Фото: ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам