Мәдениет нысанында бір мезетте екі жоба жүзеге асырылуда: орталықтың  шатыры мен қасбетінің күрделі жөндеу жұмыстары.

- Жоба бойынша 4700 шаршы метр төбе жабындысын толығымен ауыстыру жоспарланған, - дейді Наталья Макарова. - Төбе орналасқан 1200 шаршы метр техника бөлімі жөнделеді. Су ағар жүйесі ауыстырылады.  Қасбетіне келетін болсақ, ғимараттың артқы жағынан оң жақ бөлігі қамтылады, пандус, бейнебақылау камерасы мен өрт сөндіру дабылы орнатылады.

Мемлекеттік бағдарлама аясында 48 адам жұмыспен қамтылмақ.  Бүгінде  құрылыс учаскесінде 33 адам  еңбек етуде. Еңбекақы 85 мың теңгені құрайды. Күн сайын 56 адам жұмылдырылады.

Ғимараттың сыртқа жағында жұмыс  жүз пайыз аяқталған, ендігі уақытта төбесіндегі техникалық қабаты қалған. 

Жөндеу жұмыстары биыл 1 мамырда басталған. Алдағы екі айдың ішінде толығымен аяқтау жоспарланып отыр.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов құрылыс материалдарының 90 пайызы қазақстандық  болуы керек екенін еске салды.

-  «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жұмысшылардың кем дегенде 50 пайызын жұмыспен қамту орталығынан алу керек, - деді аймақ басшысы. - Еңбекақы 85 мың теңгеден төмен болмауы тиіс. Осы  параметрлерді  естен шығармаған дұрыс. Қала үшін маңызы зор әлеуметтік-мәдени нысан әрі қарай дамуы керек.

 

 Фото: Ольга Бугаева

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Екібастұз, "Өнер" мәдениет орталығы, "Жұмыспен қамтудың жолкартасы"