Бүгін кешке әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Instagram және YouTube парақшасында тікелей эфирге шығып, тыңдармандарымен әңгіме-дүкен құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қымбатты достар, менің тікелей эфирімді мамыр айының 24-ші жұлдызында Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат 20:00-де Instagram парақшамда және Youtube каналында 22:00-де тамашалай аласыздар. Менің ресми Youtube каналыма жазылыңыздар» деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында. Еске сала кетейік, бүгін атақты әнші өзінің 26 жасқа толған туған күнін тойлап жатыр.

Бүкіл әлемдегі тыңдармандары өнер иесін құттықтап, ақ тілектерін жаудырды. Көптеген адамдар туған күнге арналған қысқа бейнероликтер жасап, осылайша Димашқа лебізін жеткізді.

pavlodarnews.kz

Тэги: