Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде күн күркірейді, дауыл, күндіз желдің екпіні -18 м/с.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл созуы мүмкін, желдің екпіні 15-20 м/с, ал Жамбыл, Түркістан облыстарында жылдамдығы 23 м/с жетеді.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағаңды облыстарында, Атырау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Біздің каналымызға жазылыңыз:

pavlodarnews.kz

Тэги: