COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының өкілдері хабарлағандай, науқастардың жетеуі - 1938, 1948, 1972, 1972, 1980, 1983 жылы туған әйел адамдар және үшеуі - 1953, 1984, 1992 жылы туған ер адамдар.

- Олардың барлығы бұған дейін анықталған жұқтыру жағдайларымен жақын және әлеуетті байланыста болуына байланысты тексерістен өткен, - деп хабарлайды комиссия өкілдері. - Қазір тұрғылықты және жұмыс орны бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталды.
Тұрғылықты жерлерінде және жұмыс орындарында қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Ошақтарда эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.

Бүгінгі күнге Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 178 жағдай тіркелген.

pavlodarnews.kz

Тэги: коронавирус, Екібастұз, COVID-19