- Қадірлі шәкірттер мен мектеп түлектері! Ардақты ұстаздар және ата-аналар! Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! 25 мамыр барлығымыз үшін ерекше күн. Үш оқушының әкесі сияқты мен де бүгін көпшілігіңіз сияқты сезімдемін. Қуаныш, толқу және мақтаныш. Бүгін біздің оқушыларымызды, мұғалімдер мен ата-аналарды мақтаныш сезімі бөлеп отыр. Өткен оқу жылы ерекше болды. Барлығымыз қашықтықтан оқыту мәселелерімен бетпе-бет келдік. Қиындықтар болды, бірақ осы кезеңнен сәтті өттіңіздер, - дейді  аймақ басшысы.

Еске сала кетейік, 25 мамырда сағат 11.00-де онлайн режимде соңғы қоңырау соғылады. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқу жылының аяқталуымен құттықтайды.

25 мамыр күні оқу жылының аяқталуы мен соңғы қоңырауға арналған 1-11-сынып оқушыларының қатысуымен сынып сағатының онлайн-трансляциясы өтеді.

Жылдың қорытындысы шығарылып, онлайн режимде атақты адамдар, табысты түлектер бизнес қауымдастық өкілдері өздерінің тілектерін жолдайды. Оқушылар мектепке келмейді.

Биыл облыс бойынша түлектер саны 3770 адамды құрайды. Бүгінгі таңда ҰБТ тапсыруға 3252 өтініш берілді (86,2%).

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, қоғам, соңғы қоңырау