Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен өткен төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысында сөйлеген облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Байқазақова осы бағыттағы жағдайды баяндап берді.

- Жануарлар қабуы мен тырнауы бойынша азаматтардың медициналық көмекке жүгінуі деңгейі түспей тұр, - дейді Сәуле Байқазақова. – Мәселен, 2020 жылдың бірінші тоқсанында облыс бойынша 466 адам көмек сұрады. Олардың 65%-ын ит қапқан болса, 30%-ын мысық тырнаған. Барлық адамға қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Сонымен бірге, биылғы қыстың қарлы болуына байланысты жабайы хайуанаттардың қорек табуы қиындап кеткен. Сол себепті ауылдарға қасқыр шабуы оқиғалары жиілеген.

- Осы орайда жануарлар арасында құтыру ауыруы артқан, - дейді Сәуле Байқазақова. – Жыл басынан бері 36 жануар құтыруды жұқтырған деп күдіктенудеміз. Солардың тоғызы расталды. Ауруды жұқтыруы мүмкін 154 адам анықталды.

Айбек Жұматов

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: жануар, ит, мысық, ит қабу