- кинотеатрлар, театрлар, музейлер, көрмелер, кітапханалар және т.б. адамдар көп жиналатын объектілер жұмысына тыйым салу;

- санитарлық-дезинфекциялық режимді және бетперделік режимді күшейтіп, санитайзерлерді орната отыра, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысына (ойын алаңдары, кионтеатрлар және т.б. қоспағанда көңіл көтеру нүктелерін қоспағанда) сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат беру.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда құзыретті және ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылдау.

- сауда-ойын-сауық орталықтары аумағында орналасқан қоғамдық тамақтану объектілері жұмысына санитарлық-дезинфекциялық және бетперделік режимді күшейтіп, әлеуметтік қашықтықты сақтай отыра, сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат беру.

- санитарлық-дезинфекциялық режимді және бетперделік режимді күшейтіп, әлеуметтік қашықтықты сақтай отыра, азық-түлік нарықтар жұмысын сағат 07.00-ден 18.00-ге дейін, минимаркеттерді, үй жанындағы дүкендерді қосқанда азық-түлік тауарлары объектілері жұмысын (аумағы 2 мың шаршы метрге дейін) сағат 9.00-ден сағат 21.00-ге дейін.

-  азық-түлік емес тауарларын сату объектілерінің жұмысына сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат беру.

- екінші деңгейлі банк филиалдары мен шағын қаржы ұйымдар жұмысына сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін рұқсат беру.

- тұрғындарға қызмет көрсету объектілері жұмысына (типографиялық қызмет көрсету объектілері, тігу ательелері, аяқ киім шеберханалары,  киім, аяқ киім жөндеу бойынша сервис, химтазалау, кір жуатын орындар және т.б), сондай-ақ азық-түлік емес тауарларын сату объектілерінің жұмысына сағат 10,00-ден 21.00-дейін рұқсат бер.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: