Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Аталмыш факті тіркеліп, сол бойынша тексеру жүргізілді. Полиция қызметкерлерімен екі бала жолда келе жатқан «БМВ» автокөлігінің ішінен көрінген фактілердің бірі Ақсу қаласында болған. Бұған қоса, балалардың біреуі алдыңғы жолаушылар орындығында отырған. Екінші факті Павлодар қаласында орын алды. «Тойота» автокөлігінің терезесінен кәмелетке толмаған екі қыз қарап тұрған. Көлікті балалардың 39 жастағы анасы бақарған, - дейді департаментте.

Жол берілген бұзушылықтар үшін жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБК 593-бабының 1-бөлігі – «жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол қозғалысы ережелерінде көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану бойынша талаптарды сақтамау» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Әрбір жүргізушіге 5 АЕК айыппұл салынды.

Сондай-ақ, жүргізушілермен жол-көлік ережелерін қатаң сақтау бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді. Әсіресе көлік салонында кәмелетке толмағандар болса, мұндай бұзушылықтар қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

 

Фото: ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам