Бұл туралы ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

- 2020 жылғы 22 мамырда федерацияның атқарушы комитетінің сырттай отырысы өтті. Онда ерлер мен әйелдер арасындағы ер біріншіліктерін уақытынан бұрын аяқтау туралы шешім қабылданды. Чемпионат тоқтаған сәтте сол уақытқа дейін ойналған ойындарды ескере отырып, чемпионатқа қатысушы командалардың орны және жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, - деді баспасөз қызметінде.

Чемпионат қорытындысы бойынша «Ертіс» баскетбол клубы ерлер командалары арасындағы жоғарғы лигада 3-орынға, ал, әйелдер командалары арасындағы ұлттық лигада 2-орынға қол жеткізді.

- Айта кетерлігі ерлер командасы өзінің 20 жылдық тарихында ел чемпионатының жүлдегері атанды, - деді «Ертіс» баскетбол клубында. – Бұған дейінгі рекорд 2018/19 маусымында қол жеткізген 4-орын болатын. Өз кезегінде әйелдер командасы Қазақстанның ең титулды командасы мәртебесін сақтап келеді.

Павлодарлық ерлер командасы биылғы маусымда жоғарғы лигада 25 ойын өткізіп, 14 ойында жеңіске жеткен. Әйелдер командасы 20 ойын өткізіп, 13 ойында қарсыластарынан басым түскен.

Айта кетейік, ерлер мен әйелдер командалары арасында Қазақстан Кубогы ойындарын өткізу 2020 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.

Оразбек Саяхат
Фото: «Ертіс» БК

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, «Ертіс» БК, баскетбол, спорт