Өтінішті қалалық білім бөлімінің сайтында bilim-pavlodar.gov.kz немесе egov.kz порталында толтыруға болады. Компьютер, смартфон немесе интернеті жоқ ата-аналар үшін әр мектепте өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары ашылады.

- Биыл балаларды бірінші сыныпқа қабылдау құжаттары қағаз түрінде қабылданбайды деген шешім қабылданды, - дейді Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысының орынбасары Қуаныш Қыдыралин. - Білім беру бөлімінің сайтына өтіп, «1-сыныпқа қабылдау» бөліміне кіру қажет. Кейін «Бірінші сыныпқа тіркеу үшін ата-ананың өтініші» батырмасын басып, өтініш толтыруға болады. Сонымен қатар, осы жылы egov.kz порталында да осы жүйе жұмыс істей бастады.

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау құжаттары бойынша өзгерістер жоқ. Қажет құжаттар тізіміне ата-аналардың өтініші, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, баланың денсаулық паспорты және 3х4 көлеміндегі екі дана фотосурет жатады.

- Баланың мекенжайы бойынша қай мектепке жататынын «Бірінші сыныпқа қабылдау» бөлімінде «Білім беру ұйымына қызмет көрсету аумағы» бөліміне өтіп, нақты тұратын мекенжайын енгізіп, білуе болады, - дейді Қуаныш Қыдыралин. - Алайда, ата-аналар, егер қалаған оқу орнында бос орындар болса, тіркелген мекенжайына қарамастан, баласын тіркеуге құқылы. Кез келген мектеп мекенжайына қарамастан, 30 пайыз оқушыны қабылдай алады.

Спикер балаларды мектептің бірінші сыныбына қабылдау үшін емтихандар мен тестілеулердің алынбайтынын атап өтті. Мектепке дейінгі мекемелерге бармаған немесе мектепке дейінгі дайындықты өтпеген балалар үшін мектептерде 27 сәуірден бастап дайындық курстары ұйымдастырылды. Курстарға жазылу үшін ата-аналарға жақын орналасқан мектепке жүгіну керек.

Білім бөлімі басшысының орынбасары биылғы жылы бірінші сынып оқушылары үшін гимназия және лицей сыныптары болмайтынын атап өтті. Екінші сыныпта үлгерімі жақсы болған жағдайда ата-аналар өз балаларын дарынды балаларға арналған жоғары оқу жүктемесі бар сыныптарға ауыстыра алады.

- Типтік ережеге сәйкес, мектептер балаларды алты жастан бастап бірінші сыныпқа қабылдайды, - деді Қуаныш Қыдыралин. - Ата-аналар қажет деп санаса, өз баласын жеті жастан бастап мектепке бере алады. Ол үшін айыппұл салу қаупі жоқ. Алайда, балабақшалар алты жасар баланы балабақшадан шығарады. Егер оны бірінші сыныпқа бермесе, ол бір жыл үйде қалады.
Айта кетейік, биыл 7,5 мыңға жуық оқушы 1-сыныпты тәмәмдады.

Өткен жылы қаланың бес мектебінде алғаш рет мемлекеттік тілде оқытатын сыныптар ашылды. Жаңа оқу жылында Павлодарда қазақ сыныптары жоқ бірде-бір мектеп қалмайды.

Айгүл Жүсіпова 

Фото: Светлана Воронова

pavlodarnews.kz

Тэги: