Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі тілшісі хабарлайды.

Мемлекет басшысының жарлығымен өткен жылы экология, идеология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды. Энергетика министрлігінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы функцилары мен өкілеттіліктері жаңа құрылған министрлікке ауысты. Қазіргі таңда энергетика министрлігінің қызметі келесі стратегиялық бағыттарға жүктеледі. Бұл мұнай және газ саласын дамыту және стратегиялық бағыттарды жүзеге асыру. Электр энргетикасы атом энергетикасы жаңартылған энергия көздерін пайдалану салалары. Әлемде таралған коронавирустың өршуі табиғи ресуртарына да айтарлықтай әсер етті. Сондықтан біз өзіміздің жоспарымызды әлемде қалыптасқан жағдайға сәйкес реттедік және біраз түзетулер енгіздік, - деді спикер.

Сонымен қатар министр брифинг барысында мұнай өндірісіне тоқталды.

2009 жылы мұнай өндірісі 90,5 млн тоннаны құраған болатын. Биылғы жоспарымыз 90 млн тонна есебінде жоспарланғаан болатын. Алайда, мұнай бағасының құбылмалығына байланысты және пандемия кезінде әлемдік экономиканың тұрақсыз даму жағдайында ағымдағы жылы мұнай өндіру жоспарымызды 86 млн тоннаға, яғни 4,5 пайызға төмендеттік. 2019 жылы мұнай және конденсат экспортының көлемі 72,2 млн тоннаны құрады. Биылғы болжам барлық ақпаратты ескере отырып, 67,5 млн тоннаны құрайды, - деді ол.

Брифинг барысында Атырау облысындағы Теңіз кен орны жайында да айтылды.

Атырау облысында Теңіз кен орнында құны 45,2 млрд доллар және соның ішінде қазақстандық үлесі 36 пайызы, яғни 16 млрд доллар құрайтын теңізді келешекте кеңейту жобасы жүзеге асуда. 230-ға жуық отандық сервистік компания құрылыс жұмыстарына металл конструкциясын жасауға және басқа да жұмыстарға тартылды. Жұмыс аяқталған соң қосымша 12 млн тонна мұнай өндіруге болады, - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар ол Қашаған кен орнында 2022 жылға қарай тәулігіне 450 мың барельге дейін мұнай өндіруге қол жеткізу мақсатында жаңа газ өндеу зауытын салу жобаларын іске асыру жән компрессорларды жаңарту жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын еске салды.

Мердігер компанияларымен бірге Қашаған кен орнын екінші кезеңі бойынша жол картасын пысықтап, қазіргі таңда талқылаудамыз. Қуаты 1 млрд текше метр газ өндеу зауытын салу келісімшарттық кезеңде қосымша шамамен 8 млн тонна мұнайды 700 млн текше метр тауарлық газ алуға мүмкіндік береді. Қашағанның жобасы белсенді фазада іске асыру кестесіен оза отырып, газ бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау инвестициялық жобалары және газды кері айдаудың төртінші компрессорын жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда бұл акционерлер тарапынан талқылануда, - деді Нұрлан Ноғаев.

Өткен жылдың желтоқсан айында газдың кері айдау жүйесінің қолданыстағы инфрақұрылымын жаңғыртуға арналған бесінші өндірісті кқұбыр пайдалануға берілген.

Сондай-ақ, өндірудің тұрақты жоғары деңгейін мүмкіндік берген өндірістік нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көрсетілген жобаларды іске қосу сүйық көмірсутек шикізатын өндіру деңгейін одан әрі жыл сайын 11-12 млн тонна көлемінде ұстап тұруға мүмкіндік береді, - деді спикер.

Сонымен қатар, 2019 жылы мұнай өндеу көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға өсіп, 17 ,1 млн тоннаны құрағандығы аталып өтті.

Ағымдағы жылы 17 млн тонна мұнай өндеу жоспарланып отыр. Бұл ретте 19 жылғы өнімдердің негізгі түрлерін әуе керосины, бензин, дизель отыны өндіру көлемі 18 жылмен салыстырғанда 9,5 пайызға ұлғайды. Ағымдағы жылдың жоспары 12,5 млн тоннаны құрайды, - деді министр.

pavlodarnews.kz

Тэги: