Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

"Әрине, Мунгия Головкинмен жұдырықтаса алады. Бұл бір тамаша жекпе-жек болатынын сезіп тұрмын. Хайменің оны бірінші болып нокаутқа түсіре алатын тамаша мүмкіндігі бар. GGG-мен рингке шыққан керемет болатын еді. Мықты айқас болары сөзсіз", - дейді промоутер.

Қаңтарда өткен кейінгі жекпе-жегінде Мунгия 11-ші ранудта ирландиялық Гэри О'Салливанды (30-4-0, 21 KO) нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы бірінші кездесуін жеңіспен бастады.

Еске салайық, мұның алдында мексикалық боксшы қазақстандық Қанат Исламның (27-0, 21 КО) келісі қарсыласы болуы мүмкін екені айтылған.

pavlodarnews.kz

Тэги: