Көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін аталмыш ауылдардың жергілікті атқарушы органдары ұсынған. Азық-түлік сатып алуға қаражат қалалық бюджеттен бөлінді.

- Біздің елімізде төтенше жағдай режимін алып тастаса да және карантиндік шараларды жеңілдетсе де, көмекке мұқтаж отбасылар өте көп, - дейді волонтерлердің «Бірге» өңірлік фронт-кеңсесінің жетекшісі Саягүл Серікбекқызы. - Осыған байланысты «Бірге» волонтерлердің өңірлік фронт-кеңсесі Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен қиын жағдайда қалған отбасыларға азық-түлік жиынтығын таратты. Қиын жағдайға тап болған отбасылар қатарына көп балалы, аз қамтамасыз етілген, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған және жетім балаларды тәрбиелеуге алған отбасылар жатады.

Бір азық-түлік жиынтығына ұн, күнбағыс майы, шай, жұмыртқа, картоп, күріш, сүт өнімдері және жемістер кіреді.

Саягүл Серікбекқызының айтуынша, осыған ұқсас акция 1 маусым - Балаларды қорғау күнінде ұйымдастырылады.

Айгүл Жүсіпова 

Фото: автор 

pavlodarnews.kz

Тэги: